Размер шрифта:
Ақпараттандыруға жетекшілік ететін білім бөлімдерінің әдіскерлері, мамандандырылған мектеп-интернаттар директорларының орынбасарларына арналған әдістемелік күн
05-05-2022 17:50
Ақпараттандыруға жетекшілік ететін білім бөлімдерінің әдіскерлері, мамандандырылған мектеп-интернаттар директорларының орынбасарларына арналған әдістемелік күн

      Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы 2022 жылдың мамыр айының 5-і күні ZOOM платформасында ақпараттандыруға жетекшілік ететін білім бөлімдерінің әдіскерлері мен мамандандырылған мектеп-интернаттары директорларының орынбасарларына арналған әдістемелік күн өткізді.

Әдістемелік күнде келесі мәселелер талқыланды:

  • «Білімал.ПедАтт» АБЖ оқыту туралы;
  • WRO-2022 робототехника бойынша жарыстардың республикалық кезеңіне дайындық туралы;
  • 2022 жылға жоспарланған «Казроботикс» федерациясының іс-шаралары туралы;
  • «IT-сарапшы» облыстық жобасы аясында «Жергілікті желілер сарапшысы» облыстық байқауын өткізу туралы;
  • «Digital Teacher» облыстық Хакатонын өткізу туралы;
  • Әр-түрлі.

Әдістемелік күнге 37маман қатысты.