2022 жылдың 5 мамырында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығымен және Бұқаржырау аудандық білім бөлімімен қалалық/аудандық білім бөлімдерінің әдіскерлеріне, білім беру ұйымдарының директорларына, директорлардың орынбасарларына, облыс педагогтеріне Білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингісі аясында «Математикалық сауаттылықты дамыту» атты облыстық семинар өткізілді. Барлығы 100 педагог қатысты.
Семинар барысында математикалық сауаттылықты дамытудың тиімді әдіс-тәсілдері, математикалық сауаттылық тапсырмаларын құрастыру және орындау мәселелері бойынша Бұқаржырау ауданының келесі педагогтері өздерінің іс-тәжірибелерімен бөлісті:
Сейдигазимова Гульсара Оралбековна,Бұқаржырау ауданы «Үштөбе тірек мектебі (РО)» КММ математика пәнінің мұғалімі.
Ахметжанова Жанагуль Космановна,Бұқаржырау ауданы «Үштөбе тірек мектебі (РО)» КММ математика пәнінің мұғалімі.
Ойгорбай Бахыт,«Бұқаржырау ауданы білім бөлімі» КММ әдістемелік кабинет әдіскері.