Қарағанды тағамтану және сервис колледж базасында «Worldskills Karaganda-2022» аймақтық чемпионатының өтуі
2022 жылдың 5 мамырында Қарағанды тағамтану және сервис колледжінің базасында 4 құзырет бойынша конкурстық тапсырмалар өткізілді. «Мейрамханалық қызмет» құзыреті бойынша қатысушылар ірімшік табақ, жалындаған асшаяндарды жасау, сусындарды ұсыну тапсырмаларын орындады. «Аспаздық» құзіреті бойынша қатысушылар құс етінен ыстық тағамдар мен шөптерден жасалған ет тағамын дайындады.
«Кондитерлік өнімдер» құзыретіне сәйкес қатысушылар кондитерлік өнімдер мен шоколад жасады. Қатысушылар «Нан пісіру бизнесі» құзыреті бойынша круассанның 4 түрі мен нанның 3 түрін дайындады.