2022 жылдың 6 мамырында 7 сынып оқушылары үшін облыстық «ЭКОНОМ и К» олимпиадасы өткізілді. Олимпиада ұйымдастырушылары: Қарағанды облысының білім басқармасы, Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы және «№2 Лицей» КММ. Бұл іс-шараның мақсаты дарынды және талантты оқушыларды анықтау, экономикалық білім беру, қаржылық сауаттылық және кәсіпкерлік қызмет саласында олардың одан әрі зияткерлік дамуы мен кәсіби бағдарлануы үшін оңтайлы жағдайлар жасау. Олимпиада мазмұны үш түрлі тапсырмадан тұрды: жабық түрдегі тест тапсырмалары, бірнеше дұрыс жауабы бар тест тапсырмалары және толық жауапты немесе шешімді талап ететін тапсырмалар. Олимпиадаға облыс бойынша 7 сыныптар бойынша 72 оқушы қатысты. «ЭКОНОМ и К» олимпиадасының қорытындысы 2022 жылдың 11 мамырында шығарылатын болады.
7 сынып оқушыларына арналған облыстық «ЭКОНОМ и К» олимпиадасы