«Облыстық сараптама кеңес жұмысының мазмұны. Аттестатталушының портфолиосын бағалау критерийлері» тақырыбындағы оқыту семинарлары
2022 жылдың 6 мамырында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы облыстық сараптама кеңесі мүшелеріне арналған 3 семинар өткізді. Семинарларда сараптама кеңес жұмысының алгоритмі мен мазмұны, портфолионы бағалау критерийлері қаралды.
Семинарларға қосымша білім беру ұйымдары педагогтерінің, арнайы педагогтердің, педагог-психологтардың, әлеуметтік педагогтердің, тәрбиешілердің, тәлімгерлердің, өзін-өзі тану мұғалімдерінің портфолиосын қарайтын сараптама кеңес мүшелері қатысты.