Қарағанды жоғары политехникалық колледжі базасында WorldSkills Karaganda 2022 аймақтық чемпионатының салтанатты ашылуы
![Қарағанды жоғары политехникалық колледжі базасында WorldSkills Karaganda 2022 аймақтық чемпионатының салтанатты ашылуы](/media/img/blogs/627be1486f7f7.jpg)
2022 жылдың 11 мамырында Қарағанды жоғары политехникалық колледжінің базасында WorldSkills Karaganda 2022 аймақтық чемпионатының салтанатты ашылуы өтті. Байқаулар екі таныстыру құзыреті бойынша өткізіледі: ''Интернет заттары'', ''Желілік және жүйелік әкімшілендіру'' және төрт ресми құзыреттер: ''Веб-дизайн және әзірлеу'', ''Прототиптеу'', ''CAD инженерлік графика, ''Фотосурет (демонстрациялық)''.
Облыстың 10 колледжінен 28 үміткер қатысады. Бағдарламаға сәйкес бағалауға жіберу үшін сарапшы-компатриоттарға жұмыс орындарын бөлу, брифинг өткізу, тестілеу және тәжірибелік тапсырмаларды орындау бойынша жеребе тартылды.