2016 жылдың 8 қаңтарында «Таным» жобасын жүзеге асыру мақсатында Саран қаласында оқыту семинарлары өтті
2016 жылдың 8 қаңтарында «Таным» жобасын жүзеге асыру мақсатында Саран қаласында оқыту семинарлары өтті. Бұл семинарларға қазақ және орыс тілдері, математика, физика, химия, биология мұғалімдері қатысты. PISA халықаралық зерттеуді жүргізу аясындағы біліктілікті арттыру курстарынан өткен мұғалімдер әріптестерімен оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталған әртүрлі деңгейдегі тапсырмаларды құрастыру әдістемесі бойынша тәжірибелерімен бөлісті. Қатысушылар сұрақтардың шешімдерін талқыға салып, әртүлі варианттағы ұсыныстарын айтты және PISA форматы негізінде тапсырмалар құрастырды.Бұл шараға қатысқан педагогтердің саны – 93.