Абай ауданындағы КМҚК «Золушка» бөбекжайының базасында 2016 жылдың 8 – қаңтарында «Сырттай балабақша» жобасының аясында «Ойын мозаикасы» атты семинар-практикумы өтті.
08-01-2016 04:28
Абай ауданындағы КМҚК «Золушка» бөбекжайының базасында 2016 жылдың 8 – қаңтарында «Сырттай балабақша» жобасының аясында «Ойын мозаикасы» атты семинар-практикумы өтті.

    Абай ауданындағы КМҚК «Золушка» бөбекжайының базасында 2016 жылдың 8 – қаңтарында «Сырттай балабақша» жобасының аясында «Ойын мозаикасы» атты семинар-практикумы өтті. Бұл жобаға Қарағанды облысындағы бөбекжайлардың 22 әдіскері қатысты. Семинар барысында баланың өмірінде алатын әкенің рөлі туралы «Әкемізбен бірге» атты мастер-класс көрсетілді. Мастер-класқа үш отбасы қатысты. Семинардың басынан бастап осы отбасылар оқыту кезеңінде ойын арқылы бір-бірімен өзара қарым-қатынасқа түсіп қана қоймай, бір-бірін тыңдап талап-тілектерін ескеруге ұмтылды. Аталған семинардың негізгі мақсаты – жас отбасылардың арасындағы педагогикалық сауаттылықты  көтеру және баланы тәрбиелеуде әлеуметтік тәжірибемен алмасу болып табылады.

    «Ойын мозаикасы» семинарында А.Д.Бугубаева «баланы ойынмен қолдау орталығының «Аңыз бен шындық» презентация- талдауында ата-аналардың тәрбиелеуде жіберген қателіктері мен оны әшкерелеу туралы айтты. Әдіскерлердің арасында «Баланы ойынмен қолдау орталығындағы жұмысты ұйымдастыру» тақырыбында өткен семинар-практикум  осы жобаның авторлары И.В.Кареткина мен Е.В. Калиньконың қатысуымен өтті. Олар өз кезегінде ерте жастан бастап бала үшін ойынның маңыздылығын атап көрсетті. Жұмыстың осы түрін ұйымдастыруда ата-аналарға дұрыстап қалай көмектесуге болатынын және  бір жастан үш жасқа дейінгі балалар үшін ойыншықтарды дұрыс таңдау  тәсілдері туралы сөз қозғады.  

    «Сырттай балабақша» инновациялық жобасының әдіскерлері  ата-аналармен жұмыс жасауда қолданатын қызықты әдіс-тәсілдерді өз тәжірибесінде қалай қолданғаны туралы тәлімдік маңызы бар роликтер әзірледі.

     Болашақта  әрі қарай жұмыс жасау үшін жоспар құрылып, «Сырттай балабақша» жобасының баланы ойынмен қолдау  және коммуналдық кәсіпорынның балабақша  ұйымдарында қажет нұсқаулықтары жасалды.