Арнайы мектеп-интернатта жобалау технологиясын тәрбие жұмысында қолдану бойынша вебинары
2022 жылдың 13 мамырында«Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы»
КМҚК орта білім беру ұйымдарының директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына, тәлімгерлеріне,
қосымша білім беру педагогтеріне, сынып жетекшілеріне арналған «Арнайы мектеп-интернатта жобалау
технологиясын тәрбие жұмысында қолдану» атты семинарын өткізді.
Семинар барысында тәрбие жұмысын ұйымдастырудың ерекшеліктері және ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды әлеуметтендірудегі жобалық қызметтің рөлі қарастырылды.
Семинарда Қарағанды облысы білім басқармасының «№4 арнайы мектеп-интернаты» КММ педагогтері «Тәуелсіздіктің жемісі-көрікті Қарағанды», «Қанатын жайған-Қарағанды», «Әр мамандыққа даңқ пен абырой!», «Балалар біздің болашағымыз», «Рақымшылық жаса» жобалар бойынша жұмыс тәжірибесімен бөлісті.