Размер шрифта:
«ХХІ ғасыр дағдылары: білім берудегі жаңа үрдістер» атты бастауыш сынып мұғалімдерінің облыстық ғылыми-практикалық конференциясының секциялық отырысы
16-05-2022 18:02
«ХХІ ғасыр дағдылары: білім берудегі жаңа үрдістер» атты бастауыш сынып мұғалімдерінің облыстық ғылыми-практикалық конференциясының секциялық отырысы

      2022 жылдың 16 мамырында «Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК ұйымдастыруымен Қарағанды облысы педагогтерінің «XXI ғасыр дағдылары: білім берудегі жаңа үрдістер» тақырыбында ғылыми–практикалық конференцияның секциялық отырысы өткізілді.

Секция тақырыбы: «Бастауыш мектепте XXI ғасыр дағдыларын дамыту».

Секция жұмысының мақсаты мен міндеттері: XXI ғасырдың құзыреттері мен дағдыларын дамытуға бағытталған инновациялық модельдерді, бағдарламаларды, технологиялар мен инновацияларды, тиімді практикаларды енгізудің өзекті мәселелерін талқылау.

Келесі педагогтер өздерінің іс-тәжірибелерімен бөлісті:

  1. Бутузова Марина Ивановна, Қарағанды қаласы «№ 97 гимназия» КММ бастауыш сынып мұғалімі;
  2. Асанова Бакыткуль Ергалиевна, Теміртау қаласы «№9 лицей» КММ бастауыш сынып мұғалімі;
  3. Мосунова Инна Эдвардовна, Сәтбаев қаласы «№14 жалпы білім беретін мектебі» КММ бастауыш сынып мұғалімі;
  4. Тарасова Марина Александровна, Теміртау қаласы «Бірінші классикалық лицейі» КММ бастауыш сынып мұғалімі;
  5. Хуатай Айшагүл, Қарқаралы ауданы  «№4 тірек мектебі (РО)» КММ бастауыш сынып мұғалімі.