«ХХІ ғасыр дағдылары: білім берудегі жаңа үрдістер» атты бастауыш сынып мұғалімдерінің облыстық ғылыми-практикалық конференциясының секциялық отырысы
2022 жылдың 16 мамырында «Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК ұйымдастыруымен Қарағанды облысы педагогтерінің «XXI ғасыр дағдылары: білім берудегі жаңа үрдістер» тақырыбында ғылыми–практикалық конференцияның секциялық отырысы өткізілді.
Секция тақырыбы: «Бастауыш мектепте XXI ғасыр дағдыларын дамыту».
Секция жұмысының мақсаты мен міндеттері: XXI ғасырдың құзыреттері мен дағдыларын дамытуға бағытталған инновациялық модельдерді, бағдарламаларды, технологиялар мен инновацияларды, тиімді практикаларды енгізудің өзекті мәселелерін талқылау.
Келесі педагогтер өздерінің іс-тәжірибелерімен бөлісті:
- Бутузова Марина Ивановна, Қарағанды қаласы «№ 97 гимназия» КММ бастауыш сынып мұғалімі;
- Асанова Бакыткуль Ергалиевна, Теміртау қаласы «№9 лицей» КММ бастауыш сынып мұғалімі;
- Мосунова Инна Эдвардовна, Сәтбаев қаласы «№14 жалпы білім беретін мектебі» КММ бастауыш сынып мұғалімі;
- Тарасова Марина Александровна, Теміртау қаласы «Бірінші классикалық лицейі» КММ бастауыш сынып мұғалімі;
- Хуатай Айшагүл, Қарқаралы ауданы «№4 тірек мектебі (РО)» КММ бастауыш сынып мұғалімі.