Размер шрифта:
«ХХІ ғасыр дағдылары: білім берудегі жаңа үрдістер» атты орыс тілі және шет тілдері мұғалімдерінің облыстық ғылыми-практикалық конференциясының секциялық отырысы
16-05-2022 13:19
«ХХІ ғасыр дағдылары: білім берудегі жаңа үрдістер» атты орыс тілі және шет тілдері мұғалімдерінің облыстық ғылыми-практикалық конференциясының секциялық отырысы

      2022 жылдың 16 мамырында «Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК ұйымдастыруымен Қарағанды облысы педагогтерінің «XXI ғасыр дағдылары: білім берудегі жаңа үрдістер» тақырыбында ғылыми–практикалық конференцияның секциялық отырысы өткізілді.

Секция жұмысының мақсаты орыс тілі мен әдебиеті және шет тілдері пәндерін оқытудың озық тәжірибелерін тарату, кәсіби тәжірибелерімен алмасу, әріптестермен және тәлімгерлермен бірлесе отырып тың идеяларды анықтау.

Секция жұмысына 100-ден астам педагог қатысты. Секция спикерлері конференцияға қатысушыларды орыс тілі мен әдебиеті және шет тілдерін оқытудың әдістемелерімен, қазіргі заманғы мектеп болмысындағы гуманитарлық бағыттағы оқытушылық жұмыстың жалпы көрінісімен таныстырды.

Секция қатысушылары өздерінің кәсіби қызметін ұйымдастыру үшін алынған ақпараттың өзектілігін, маңыздылығын және болашағын атап өтті.