2022 жылдың 18 мамырында онлайн форматында колледждерде дебат қозғалысын ұйымдастыру бойынша педагогтерге арналған облыстық семинар-тренинг өтті.
Шараны өткізу мақсаты - колледж студенттерінің интеллектуалдық қабілеттері мен көшбасшылық қасиеттерін дамыту үшін оқытушылар мен студенттер арасындағы өзара әрекеттестік дағдыларын қалыптастыру.
Қарағанды жоғары политехникалық колледжінің пікірсайыс клубтарын басқаратын жетекшілері және директорының орынбасары Екижанов А.С., сонымен қатар Саран техникалық колледжінің директорының орынбасары Битуова А.М семинардың спикерлері болды.
Семинар қорытындысы бойынша пікірсайыс қозғалысының тиімді жұмысын ұйымдастыру бойынша ұсыныстар мен тәжірибелік мысалдар келтіріліп қана қоймай, осы бағыттағы мәселелер де анықталды.
Шараға облыстағы колледждердің 100-ден астам оқытушылары қатысты.