Оқу процесін ұйымдастыру мәселелері жөніндегі жұмыс тобының отырысы
2022 жылдың 18 мамырында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының техникалық және кәсіптік білім беру бөлімі оқу ісі жөніндегі орынбасарлардың облыстық әдістемелік бірлестігі жұмысының шеңберінде оқу процесін ұйымдастыру мәселелері жөніндегі жұмыс тобының отырысын өткізді.
Жұмыс тобының отырысына облыстың техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі ұйымдары директорларының 12 орынбасары қатысты.
Отырыс барысында әдістемелік өнімді әзірлеудің қорытынды кезеңі бойынша мәселелер қаралды.
Талқылау барысында әр қатысушы өз тәжірибесімен бөлісіп, өз ұсыныстарын айтты.
Отырыс соңында қорытындылар жасалып, шешімдер қабылданды.