Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының «Өзін-өзі тану» пәні оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестігінің жұмысы аясындағы қорытынды отырысы
2022 жылдың 19 мамырында «Өзін-өзі тану» пәні оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестігінің жұмысы аясында онлайн форматында отырыс өтті.
«Әлихан Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы-техникалық колледжі» КМҚК(Шорина Б.Ж.) және «Қарағанды «Bolashaq» жоғары колледжі» ЖММ(Табаракова А.Т.) «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасының орындалу барысы туралы есептері тыңдалды.
Соныменқатаркелесі оқу жылына арналған жұмыстарды жоспарлау сұрақтарықаралды.
Шараға облыстың техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының 30 оқытушысы қатысты.