Размер шрифта:
2016 жылдың 12 қаңтарында Теміртау индустриалды-технологиялық колледжінде «Колледж кітапханасы – кәсіби білім беруде шығармашылық зертхана» тақырыбында Қарағанды облысы кітапханашыларының семинары өтті.
12-01-2016 11:46

     Семинарды алғысөзбен ҚО ББД ОӘО директорының ТжКБ дамыту жөніндегі орынбасары Асакаева Дана Саламатовна және  Теміртау технологиялық колледжінің директоры Елубаев Бауыржан Санакович ашты.

     Теміртау индустриалды-технологиялық колледжінің кітапханашысы Сошникова Марина  Александровна семинарды кіріспе сөзбен бастап, қатысушыларға  сәттілік тіледі.

     Семинар аясында «21 ғасыр кітапханасы», «Әлемдегі әйгілі кітапханалар» деп аталатын видеофильмдер көрсетілді.

     Қарағанды маңызды білім беретін «Болашақ» колледжінің кітапхана меңгерушісі Бейсекина Айтбалы  Бейсекеевна қатысушыларды колледж кітапханаларында ақпараттық технологияларды дұрыс қолдану жайымен таныстырды.

    Сонымен қатар төмендегідей баяндамалар тыңдалды:

      · «Кітапхана жұмысы тәжірибесіне ақпараттық технологияларды енгізу» – Саран гуманитарлы - техникалық колледжінің кітапхана меңгерушісі Сулейменова Аймагуль Жастлековна.

     · «Автоматтандырылған кітапханалар жүйесі колледжде» -– Қарағанды машина жасау колледжінің кітапхана меңгерушісі – Исина Гульназ Ятановна.

Семинар соңында баяндамашылар сертификаттармен марапатталды.