Размер шрифта:
Директорлардың оқу-өндірістік ісі жөніндегі орынбасарларының облыстық әдістемелік бірлестігі жұмысының аясындағы вебинар
24-05-2022 08:28
Директорлардың оқу-өндірістік ісі жөніндегі орынбасарларының облыстық әдістемелік бірлестігі жұмысының аясындағы вебинар

      2022 жылдың 24 мамырында Zoom платформасында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы директорлардың оқу-өндірістік ісі жөніндегі орынбасарларының облыстық әдістемелік бірлестігінің жұмысы шеңберінде облыстық вебинарөткізді.

Вебинарғаоблыс колледждерінің 42 орынбасарықатысты.

Бағдарламаға сәйкес өндірістік оқыту және кәсіптік практика шеңберінде кәсіпкерлік дағдыларды дамыту бойынша әлеуметтік әріптестермен жұмыс бойынша келесі колледждердің өкілдері өз тәжірибелерімен бөлісті:

  1. Буйненко О.В., «Ә.Мусин атындағы Балқаш гуманитарлық-техникалық колледжі» КМҚК директорының гуманитарлық бөлім оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары, «Педагогикалық мамандықтар бойынша өндірістік оқыту және кәсіптік практика шеңберінде кәсіпкерлік дағдыларды дамыту бойынша әлеуметтік әріптестермен колледж жұмысының ерекшеліктері» тақырыбында;
  2. Топарбеков А.К., «Ә.Мусин атындағы Балқаш гуманитарлық-техникалық колледжі» КМҚК директорының техникалық бөлім оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары, «Техникалық мамандықтар бойынша өндірістік оқыту және кәсіптік практика шеңберінде кәсіпкерлік дағдыларды дамыту бойынша әлеуметтік әріптестермен колледж жұмысының ерекшеліктері» тақырыбында;
  3. Байров Н.Б., «Ә.Мусин атындағы Балқаш гуманитарлық-техникалық колледжі» КМҚК «Жас маман» құзыреттілік орталығының басшысы, «Жас маман» құзыреттілік орталығының жұмысы шеңберінде әлеуметтік серіктестермен жұмыс» тақырыбында;
  4. Оспанова Ж.Ж.,  «Қарағанды техника-құрылыс колледжі» КМҚК директорының оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары, «Building Skills.  Energy   Skills».      Workshop   Skills»  құзыреттілігін ашу және даярлау барысындағы халықаралық стандарттар бойынша мамандар даярлау жүйесін құрудың маңызды шарты ретінде колледждің әлеуметтік серіктестермен жұмысы тәжірибесінен» тақырыбында;
  5. Боранбаева  А.Р., «Қарағанды кәсіптік-техникалық колледжі» КММ директорының оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары, «Кәсіптік практиканы ұйымдастыру, әлеуметтік әріптестермен жұмыс істеу бойынша колледж жұмысының тәжірибесінен» тақырыбында.

 Шара соңындағы пікір алмасу мен ОӘБ 2022-2023 оқу жылына арналған жұмыс жоспарының жобасын талқылау өткізілді.