12-13 күндері «Болашақ» академиясы, облыстық білім беру басқармасы, білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы «Когнитивтік лингвистика аспектісіндегі көптілділік және тілдің кеңістіктегі көп мәдениеттілігі» тақырыбында ХХ Халықаралық Қысқы ғылыми ме
2016 жылдың қаңтар айының 12-13 күндері «Болашақ» академиясы, облыстық білім беру басқармасы, білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы «Когнитивтік лингвистика аспектісіндегі көптілділік және тілдің кеңістіктегі көп мәдениеттілігі» тақырыбында ХХ Халықаралық Қысқы ғылыми мектеп жұмысын өткізеді. Лекторлар арасында РесейдіңМарина Владимировна Пименова, Геннадий Геннадиевич Слышкин және Қазақстанның Баян Мукушевна Ибраева, Гульфарида Шамсуловна Оразгалиева сияқты лингвист ғалымдары бар. Бұл шараға 27 облыс мектептерінен келген барлығы 50 қазақ, орыс, ағылшын тілдерінің мұғалімдері қатысып отыр. Қысқы мектептің жұмысы нәтижесінде тыңдаушыларға (20 сағат көлемінде) ғылыми стажировканы өткен туралы құжат беріледі.