2022 жылдың 27 мамырында Бұқар жырау агротехникалық колледжі Қарағанды облысындабілім беруді дамытудыңоқу-әдістемелік орталығымен бірлесіп қаржылық сауаттылық апталығы шеңберінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының экономикалық емес мамандықтар студенттері арасында «Қарапайым заттар экономикасы» бизнес-идеяларының облыстық қашықтық байқауын өткізді.
Байқаудың мақсаты - Қазақстан азаматтары күнделікті пайдаланатын және айтарлықтай күрделі қаржы жұмсауды, ресурстарды пайдалануды және күрделі технологияларды қолдануды талап етпейтін тамақ өнімдерін өндіру, өнім шығару, сондай-ақ қызметтер көрсету саласында бизнес-идеяларды құруға жастарды анықтау және тарту.
Байқауға 16 колледж қатысты, 19 жоба ұсынылды.
Байқау 2 кезеңнен тұрды және қазылар алқасының пікірінше, ең үздік 10-ы ғана екінші кезеңге өтті.
Студенттердің Бизнес-жобалары медицина саласында мобильді қосымшаны құрудан бастап, ойын-сауық, киберқауіпсіздік, автомобиль көлігі, құрылыс-монтаждау қызметтері саласында қызметтер көрсету, Қарағанды облысы бойынша агротурларды ұйымдастыру, нан пісіру және ашыған сүт өнімдерін өндіруге дейін әртүрлі болды.
Финалда қатысушылар өз жобаларының питч-презентациясын жасады. Қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды.Начало формыКонец формы
«Медицина саласындағы бизнес-идеялар» номинациясында:
- Кондрацкий Сергей Игоревич, «Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі» КМҚКстуденті. «Dia-KIDS «мобильді қосымшасы» жобасымен, жетекшісі Алибаева Марина Сергеевна.
«Қызмет көрсету саласындағы бизнес-идеялар» номинациясында:
- Ланцов Давид Сергеевич, «Болат Әбдікәрімов атындағы Нұра көпсалалы колледжі» КМҚК студенті, «Құрылыс-монтаждау қызметтерін көрсету бойынша кәсіпорын құру» жобасымен, жетекшісі Бексултанова Гульнара Киикбаевна.
«Халықтың әлеуметтік қажеттілігі саласындағы бизнес-идеялар»номинациясында:
- Тарасенко Артем Игоревич, Пасынков Леонид Анатольевич, «Қарағанды машина жасау колледжі» КММ студенттері, «Мүгедектер мен инсульттан кейінгі науқастардың аяқтары мен қолдарын оңалтуға арналған тренажерларды жобалау және жасау»жобасымен, жетекшілері Бегимова Назым Болатовна, Фольц Михаил Александрович.
«Экология саласындағы бизнес-идеялар»номинациясында:
- Бантаева Анеля Меирлановна, Галуцкий Александр Евгеньевич, «Шет тілдер колледжі» ЖММ студенттері, «Eco-Green-House (жеуге жарамды стақандардағы смузи өндірісі, жеуге жарамды ыдыстар өндірісі)» жобасымен, жетекшісі Тұрмұхамбетова Динара Әлбекқызы.
Жеңімпаздар дипломдармен, финалистер Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының сертификаттарымен марапатталды.