2022 жылдың 26 мамырында Zoom платформасында «Сервис» бағыты бойынша облыстық әдістемелік бірлестіктің жұмысы аясында колледж студенттері арасында облыстық онлайн олимпиадасының қорытынды кезеңі өтті.
Облыстық онлайн олимпиада 2022 жылдың 20 мамыры мен 26 мамыры аралығында өтті.
Олимпиадаға облыс колледждерінен 11 студент қатысты.
Әділ-қазылар міндетін Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының өкілдері, әлеуметтік серіктес және «Болат Әбдікәрімов атындағы Нұра көпсалалы колледжі» КМҚК арнайы пәндер оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері атқарды.
Олимпиада екі кезеңде өткізілді:
1 кезең – қашықтықтан өтті, қатысушылар 2022 жылдың 25 мамырына дейін «Тәтті тағамдарды (суық, ыстық) дайындау» тақырыбы бойынша бейнеролик жіберді;
2 кезең – Zoom платформасын қолдана отырып «CORE» жүйесінде 2022 жылдың 26 мамырында онлайн-тест түрінде өтті.
Осы күні қазылар алқасы студенттері арасында облыстық-онлайн олимпиадасының қорытындысын шығарып, жеңімпаздарын анықтады.
Олимпиада жеңімпаздары:
1 орын - Новикова Антонина Сергеевна,«Қарағанды агротехникалық колледжі» КММстуденті;
2 орын - Вергун Тамара Павловна, «Қарағанды тамақтану және сервис колледжі» КММ студенті;
3 орын - Тимченко Дарья Семеновна, «Мыңжасар Әдекенов атындағы Қарақаралы ауылшаруашылық колледжі» КМҚКстуденті.
Барлық қатысушыларға сертификаттар берілді. Жеңімпаздар дипломдармен марапатталды. Ұйымдастырушыларға олимпиаданы ұйымдастырғандары үшін алғыс хаттар беріледі.