«Ертегі – тәрбие көзі»
2020 жылдан бастап Саран қаласының барлық мектепке дейінгі ұйымдарында "Әжемнің ертегісі" облыстық жобасы жүзеге асырылуда. Мақсаты: қазақ халық ертегілерін пайдалана отырып, балаларды туған өлкенің мәдениетімен таныстырудың моделін құру.
2022 жылдың 31 мамырында "Саран қаласының білім бөлімі" ММ "Әжемнің ертегісі" әлеуметтік-педагогикалық облыстық жобасы шеңберінде «Ертегі – тәрбие көзі» қалалық семинар ұйымдастырды.
Семинарға ӘК меңгерушісі С.Шаймұрат, білім бөлімінің әдіскерлері, балабақшалардың бірінші басшылары, әдіскерлері, тәрбиешілері, сондай-ақ ата-аналар қоғамдастығы қатысты.
Семинар барысында шеберлік- сыныптар өткізіліп, балалар мен ата-аналардың қатысуымен театрландырылған көріністер көрсетілді, сондай-ақ. Жоба аясында жасалған жұмыстардан көрме ұйымдастырылды.
"Саран қаласының білім бөлімі" ММ және ата- аналар, пелагогтер аталған жобаны әзірлеген Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу әдістемелік орталығының директоры Б.Х. Абдикероваға және әдіскері А.Д.Бугубаеваға жобаны іске асырудағы идеялары, әзірлемелері, қолдаулары үшін үлкен алғысын білдіреді.