2022 жылдың 13 маусым күні Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы мен Н.Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп интернаты «Ауыл - қала» жобасын жүзеге асыру аясында «Элективті курс бағдарламасы - бағдарлы оқытуды жүзеге асырудың басты құралы» тақырыбында вебинар өткізді.
Вебинардың спикері профессор, техника ғылымдарының кандидаты Контаев Сабит Сеитович «Бағдарламаларды дайындау бойынша әдістемелік ұсынымдар», «Қазіргі заманғы білім берудің даму тенденциясы», «Бейіндік оқытудың негізгі идеялары мен болашағы» сұрақтары бойынша жұмыстарды ұсынды.
Вебинар барысында Н.Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп-интернаты мен Шет ауданының педагогтері әдістемелік ұсыныстарды, өнімдерді әзірлеу және Облыстық Эксперттік кеңесте қарау талаптарына қатысты сұрақтарына жауаптар алды.
Вебинарға 100 педагог қатысты.