Worldskills Karaganda аймақтық чемпионатының ұйымдастыру комитетінің онлайн-кеңесі
13-06-2022 09:10
Worldskills Karaganda аймақтық чемпионатының ұйымдастыру  комитетінің онлайн-кеңесі

      2022 жылдың 13 маусымында сағат 14.00-де Worldskills Karaganda-2022 аймақтық чемпионатының қорытындысы және Worldskills Kazakhstan-2022 ұлттық чемпионатқа дайындық бойынша ұйымдастыру комитетінің онлайн-кеңесі өтті.

Кеңес қатысушылары: Worldskills чемпионаттарын өткізу бойынша Қарағанды облысының ұйымдастыру комитеті, құзыреттілік орталықтарының өкілдері, бас сарапшылар, Worldskills Karaganda-2022 аймақтық чемпионаты жүлдегерлерінің сарапшы-компатриоттары.

Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының директорының орынбасары  Нартова Т. Г.  алғы сөзінен кейін, техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің әдіскері Толекова М.С. келесі сұрақтарды талқылады:

  1. Worldskills Karaganda-2022 аймақтық чемпионатының қорытындысы;
  2. Worldskills Karaganda-2022 аймақтық чемпионатының жүлдегерлерін Worldskills Kazakhstan-2022 ұлттық чемпионатына дайындауды ұйымдастыру.

Кеңеске 40 адам қатысты.