Математика және физика пәнін үйлестіруші әдіскерлердің әдістемелік күні.
Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығымен 2022 жылдың 14 маусымында ZOOM платформасы арқылы математика және физика пәнін үйлестіруші білім бөлімдерінің әдіскерлері үшін әдістемелік күн өткізілді.
Әдістемелік күн барысында 2021-2022 оқу жылында атқарылған жұмыстарға қорытынды жасалынып, келе жатқан оқу жылының негізгі бағыттары анықталды. Барлығы 12 білім бөлімінің әдіскерлері қатысты.