2016 жылдың 05-13 қаңтары аралығында Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығында ТжКБ ұйымдарының экономика пәндері оқытушылары жұмыс тобының семинар-жиналысы өтті.
Семинардың мақсаты «Кәсіпкерлік дағдыларын дамыту» қосымша курсының оқу-әдістемелік кешенін әзірлеу.
Семинар қатысушылары әр сабақты талқылап, барлық тапсырмаларды жан-жақты тұрғыда қарастырды. Оқу - әдістемелік кешен оқу бағдарламаларынан, әдістемелік ұсыныстардан, семинар-тренингті сүйемелдейтін слайдтардан, басқада қосымша материалдардан құрастырылған.
Семинарды жүргізген ҚО ББД ОӘО техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту бөлімінің әдіскерлері Еставлетова А.А., Баядилова Г.К.
Жұмыс тобының құрамы 7 колледж өкілдерінен құралған:
1) Көп салалы гуманитарлы-техникалық колледжі: Сауытова С.С., Жанизакова А.К.; 2) Экономика, бизнес және құқық колледжі КЭУҚ: Винокурова В.Г., Давлетшина А.В., Хамзина К.К.; 3) Халықаралық Бизнес - Академиясының Бизнес колледжі: Есимханова А.М.; 4) Ж.К.Букенов атындағы Қарағанды банк колледжі: Кейкова М.Н.; 5) Карағанды политехникалық колледжі: Тусупова А.Т., Тунгушпаева Г.К.; 6) Теміртау сауда және тамақтану колледжі: Калько О.Н.; 7) Қарағанды темір жол колледжі: Ильичева О.А.
Семинар қатысушылары әдіскерлердің көмегімен оқу-әдістемелік кешенін аяқтап, өңдеуге ұсынды.