«Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында академиялық дербестікті енгізу» тақырыбы бойынша тамыз конференциясының секциялық отырысы
16-08-2022 21:30
 «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында академиялық дербестікті енгізу» тақырыбы бойынша тамыз конференциясының секциялық отырысы

      2022 жылдың 16 тамызында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы онлайн режимде «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында академиялық дербестікті енгізу» тақырыбында тамыз конференциясының секциялық отырысын өткізді. Мақсатты аудитория Қарағанды облысының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары директорларының оқу ісі жөніндегі орынбасарлары. 

Отырыс барысында «Talap» КЕАҚ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру мазмұны басқармасының бастығы Жанат Қуанышбайұлы Далабаев қатысушыларды білім беру ұйымдарының академиялық дербестігі жағдайында ТжКББ білім беру бағдарламаларын әзірлеу және енгізу бойынша ақпараттандырып, сұрақтарға жауап берді.  

«Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің әдіскері Г.С.Толымбекова 2021-2022 оқу жылында жаңартылған білім беру бағдарламаларын енгізудің талдауы мен 2022-2023 оқу жылына қойылған міндеттер туралы айтып берді.

«Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі» КМҚК директорының оқу-әдістемелік жқмысының орынбасары Д.К.Исатаев өз сөзінде академиялық дербестік шеңберінде жұмыс берушілермен ынтымақтастықты дамыту туралы ой бөлісті.

«Қарағанды кәсіптік-техникалық колледжі» КММ директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Е.А.Свердлова академиялық дербестік жағдайында колледждің білім беру процесін жүзеге асырудағы желілік өзара іс-қимыл тәжірибесімен бөлісті.

«Теміртау жоғары политехникалық колледжі» КМҚК химиялық пәндер кафедрасының меңгерушісімен жұмыс берушілердің талаптарына және WorldSkills халықаралық стандарттарына сәйкес «Зертханалық технология» мамандығы бойынша білім беру бағдарламасын жетілдіру туралы айтып берді.

Секция жұмысының қорытындысы бойынша жаңа 2022-2023 оқу жылындағы табысты жұмыс үшін ұсыныстар анықталды.