2022 жылдың 16 тамызында «Қоғам дамуының қазіргі жағдайларындағы тәрбие жұмысының басым бағыттары» тақырыбында мамандандырылған мектеп-интернаттардың тәрбие жұмысына жетекшілік ететін аудандық/қалалық білім бөлімдерінің мамандары және директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларының қатысуымен тамыздық селекторлық отырысы өткізілді.
Отырыс барысында Абайдың «Толық адам» мұрасына бейнеленген жеке тұлғалық атрибуты, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін қолдану мен насихаттау, жасөспірімдер арасында беттік белсенді заттарды қолдануды алдын алу, Қарағанды облысының білім беру ұйымдарында білім беру ортасының жағдайларында психо-педагогикалық қауіпсіздік құру мәселелері қаралды.
Секциялық отырыстың спикерлары -Ернат Мелсұлы, «Толық адам және 4 даму» жобасы, «Абай арқылы ағылшынша үйрен» әдістемесінің авторы, Нұр-Сұлтан қ.;Кабулова Шахмарал Майбековна, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін қолдану және насихаттау мониторингі бойынша облыстық комиссиясының жұмыс тобының мүшесі; Бузук Александр Владимирович, Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл Басқармасы бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі; Любчанская Татьяна Витальевна, «ҚББ АҒПО «Сарыарқа Даныры» КМҚК әдіскері.
Сонымен қатар,Адилбаева Рымжан Токеновна, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, «Б. Момышұлы атындағы ЖББМ» КММ, Қарағанды қ.; Комышева Светлана Юрьевна, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, «№12 ЖББМ» КММ, Осакаров ауданы;Кулымжанова Гульжан Мауленовна, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, «№24 МИ» КММ, Балқаш қ.; Жусупова Хадиша Райхановна, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, «Токарев тірек мектебі РО» КММ, Бұқар жырау ауданы сынып жетекшілері жұмысының жүйесі, мектептің ата-аналар қоғамымен қарым-қатынасы, оқушылардың өзін-өзі басқару мен қосымша білім беру жұмыстары жөнінде тәжірибе алмасты.
Отырыс қорытындысы бойынша ұсыныстар қабылданып, 2022-2023 оқу жылында тәрбие жұмыстарына бағытталған басымдылықтар анықталды.