Размер шрифта:
Қарағанды облысы педагог қызметкерлерінің тамыз кеңесі аясында ФИЗИКА пәні мұғалімдерінің секциялық алаңы
16-08-2022 21:45
 Қарағанды облысы педагог қызметкерлерінің тамыз кеңесі аясында ФИЗИКА пәні мұғалімдерінің секциялық алаңы

      Қарағанды облысының білім басқармасымен, Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығымен 2022 жылдың 16 тамызында онлайн режимде«Жаратылыстану-математикалық білім берудегі құндылыққа бағдарланған тәсіл» тақырыбында физика пәні мұғалімдерінің секциялық алаңы өткізілді.

Іс-шараның мақсаты:

Оқытудың заманауи әдістері мен тәсілдерін игеру және оларды оқу үдерісінде жүзеге асыру арқылы педагогтердің кәсіби шеберлігін жетілдіру.

Физика пәні мұғалімдерінің секциялық алаңы аясында 2022-2023 оқу жылындағы Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарындағы оқу үдерісінің ерекшеліктері баяндалды және келесі мәселелер қарастырылды:

- құндылыққа негізделген білім беру;

- білім алушылардың білімін толықтыру нысандары мен әдістерін енгізу;

- оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту;

- физика сабақтарында сандық инфрақұрылым мен электрондық платформаларды қолдану.

Шақырылған қонақтар, облыстың жетекші мұғалімдері және жас мамандары өздерінің тәжірибелерімен бөлісті:

Шуиншина Шолпан Мырзакасымовна,Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім Академиясының жаратылыстану-математикалық ғылымдар бағытындағы пәндер және STEAM білім беру зертханасының жетекші ғылыми қызметкері, педагогика ғылымының кандидаты

Әділбаев Ерсін Бекежанұлы,Қарағанды облысы «Н.Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп-интернаты директорының орынбасары, физика пәнінің мұғалімі

Колесникова Анастасия Николаевна,Теміртау қаласы «№27 ЖББМ» КММ физика пәнінің мұғалімі

Ерназар Қайрат,№1 БИЛ физика пәнінің мұғалімі

Асташкина Наталья Владимировна,Шахтинск қаласы «№6 ЖББМ» КММ физика пәнінің мұғалімі