Размер шрифта:
Қарағанды облысы педагог қызметкерлерінің тамыз кеңесі аясында математика және кәсіпкерлік пен бизнес негіздері пәндері мұғалімдерінің секциялық алаңы
16-08-2022 22:49
Қарағанды облысы педагог қызметкерлерінің тамыз кеңесі аясында математика және кәсіпкерлік пен бизнес негіздері пәндері мұғалімдерінің секциялық алаңы

      Қарағанды облысының білім басқармасымен, Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығымен 2022 жылдың 16 тамызында онлайн режимде«Жаратылыстану-математикалық білім берудегі құндылыққа бағдарланған тәсіл» тақырыбында математика, кәсіпкерлік және бизнес негіздері пәндері мұғалімдерінің секциялық алаңы өткізілді.

Іс-шараның мақсаты:

Оқытудың заманауи әдістері мен тәсілдерін игеру және оларды оқу үдерісінде жүзеге асыру арқылы педагогтердің кәсіби шеберлігін жетілдіру.

Математика және кәсіпкерлік пен бизнес негіздері пәндері мұғалімдерінің секциялық алаңы аясында 2022-2023 оқу жылындағы Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарындағы оқу үдерісінің ерекшеліктері баяндалды және келесі мәселелер қарастырылды:

- құндылыққа негізделген білім беру;

- білім алушылардың білімін толықтыру нысандары мен әдістерін енгізу;

- оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту;

- математика сабақтарында сандық инфрақұрылым мен электрондық платформаларды қолдану.

- Кәсіпкерлік және бизнес негіздері пәні бойынша жаһандық құзыреттілікті арттыру

Шақырылған қонақтар, облыстың жетекші мұғалімдері және жас мамандары өздерінің тәжірибелерімен бөлісті:

Жумагулова Зауре Абдыкеновна,Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім Академиясының жаратылыстану-математикалық ғылымдар бағытындағы пәндер және Stem технологиясы зертханасының жетекші ғылыми қызметкері, педагогика ғылымының кандидаты, философия докторы

Ырысбек Мәуіт,«ZERDELI» ақыл-ой дамыту мектебінің

негізін қалаушы, Бас директоры, Математик,

Ыбырай Алтынсарин атындағы ҰБА-ның математика пәні бойынша жұмыс тобының мүшесі, халықаралық олимпиада жеңімпаздарының жетекшісі

Кошанова Рабига Игенбекқызы,Республикалық физика-математика мектебінің математика пәнінің мұғалімі, "Бастау" бастауыш сынып оқушыларына арналған республикалық байқаудың қазылар алқасының тұрақты мүшесі

Ильясов Акниет Дарханович,Н.Нұрмақов атындағы ММИ математика пәнінің мұғалімі

Тилеубек Аслан, Бұқаржырау ауданы «Тасшоқы НМ» математика пәнінің мұғалімі

Амелин Константин Николаевич,Теміртау қаласы «№27 ЖББМ» КММ кәсіпкерлік және бизнес негіздері, көркем еңбек  пәндерінің мұғалімі

Мырзабек Дәурен Валихонұлы,Қарағанды қаласы «Абай атындағы мектеп-гимназиясы» КММ математика пәнінің мұғалімі

Ташкен Жанна Серікқызы,Саран қаласы «№1 мектеп-лицейі» КММ математика пәнінің мұғалімі