2022 жылдың 16 тамызында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы Ресурстық орталықтар (ТМ) мен шағын жинақты мектеп директорлары, орынбасарлары үшін «Шағын жинақты мектептерде білім беру үдерісін ұйымдастыру ерекшеліктері»тақырыбында онлайн режимінде секциялық отырысын өткізді. Аталған шараның мақсаты: «Шағын жинақты мектептерде құндылықтарға негізделген білім беру сапасын жетілдіру».
Секциялық отырыста «Ауыл мектептері және шағын жинақты мектептердің білім алушылары үшін сапалы білімге қолжетімділікті қамтамасыз ету» тақырыбында Ы.Алтынсарин ҰБА-ның ауыл мектептерін және ШЖМ дамыту зертханасының меңгерушісі, филология ғылымының кандидаты Мукушева Алмагуль Наурызбаевна баяндады.
Секция жұмысы барысында «Организация методический работы в малокомплектной школе», «Республикалық «Ауыл мектебі» жобасы – мектептің даму мүмкіндіктері мен болашағы», «Ресурстық орталықта кәсіптік бағдар беру жұмыстарын ұйымдастыру», «Шағын жинақты мектептегі біріктірілген сыныптарда білім берудегі мәселелер, шешу жолдары», «Бірыңғай оқу жоспарының тиімділігі» тақырыптарында Бұқар жырау ауданы «Талғат Бигелдинов атындағы ЖББМ» директоры Жанпеисова Ж.Б., Қарқаралы ауданы М.Бәпиұлы атындағы ЖББ № 44 Ресурстық орталық директорының орынбасары Каирбекова З.А., Нұра ауданы М.Сүлейменов атындағы Ресурстық орталықтың әдіскері Аубакиров Б.Е., Нұра ауданы Жараспай ЖББМ математика пәні мұғалімі Жумабекова А.М., Шет ауданы Жамбыл Ақылбаев атындағы мектеп-гимназиясы базасындағы Ресурстық орталықтың педагог ұйымдастырушысы Тілеуқабылов Қ.С. өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Сонымен бірге ББД ОӘО-ның әдіскері Г.А.Толеубаева 2022-2023 оқу жылында ШЖМ-де білім беру үрдісін ұйымдастыру ерекшеліктеріне тоқталып, ағымдағы оқу жылының жоспарымен таныстырды.
Секция жұмысына ұсынылған тақырыптардың өзектілігі айтылып, іс-шара соңында ұсыныстар берілді.
Секция жұмысына 100 адам қатысты.