Размер шрифта:
Тамыз конференциясының «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді жаңғырту: оқу-тәрбие үрдісін әдістемелік сүйемелдеу» тақырыбындағы секциялық отырысы
17-08-2022 16:38
Тамыз конференциясының  «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді жаңғырту: оқу-тәрбие үрдісін әдістемелік сүйемелдеу» тақырыбындағы секциялық отырысы

      2022 жылдың 17 тамызында Қарағанды облысы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының әдіскерлеріне, директорлардың оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасарларына, директорлардың ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасарларына арналған «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді жаңғырту: оқу-тәрбие үрдісін әдістемелік сүйемелдеу» тақырыбында облыстық тамыз кеңесінің секциялық отырысы өтті.

«Теміртау жоғары политехникалық колледжі» КМҚК директорының ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Э.С. Нурмаганбетова нормативтік-құқықтық актілердегі өзгерістер бойынша ақпаратты ұсынды.

Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің меңгерушісі А.А. Кнашина конференцияға қатысушыларды облыстық сараптамалық кеңес жұмысының мазмұнымен таныстырып, Облыстың ТжКББ ұйымдары педагогтарының портфолиосын бағалау бойынша Сараптамалық кеңес жұмысы барысында (2022 жылдың мамыр-маусым айлары аралығында) анықталған жалпы қателіктерді атап өтті.

Сондай-ақ, «Қарағанды «Bolashaq» жоғары колледжі» ЖММ директорының ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасарыИ.Х.Капанова колледжде әдістемелік өнімді әзірлеу және оларды ресімдеуге қойылатын талаптар бойынша толық ақпарат пен ұсыныстар берді.

 Әдіскерлердің ОӘБ төрайымы Е.А. Кашина жас әдіскерлердің кәсіби құзыреттілігін дамыту мәселесін көтерді және ай сайынғы кезеңділікпен жас әдіскерлердің әдістемелік күндерін енгізу бойынша өз ұсыныстарын айтты.

Білім беру ұйымының Жас педагогының self skills дамуы бойынша өз тәжірибесімен «Қарағанды агротехникалық колледжі» КММ оқытушысы Т. А. Байсаринова бөлісті.

Отырыс соңында өткен оқу жылындағы жұмысқа талдау жасалды, жаңа оқу жылына міндеттер қойылды және ұсынымдар шығарылды.

Іс-шараға облыс колледждерінің 50 әдіскері мен директордың оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасарлары қатысты.