Размер шрифта:
«Қазіргі тәлімгер: кәсібилік, құзыреттілік, тиімділік» тамыздық селекторлық отырыс
19-08-2022 21:47
 «Қазіргі тәлімгер: кәсібилік, құзыреттілік, тиімділік»   тамыздық селекторлық отырыс

       2022 жылдың 19 тамызында «Қазіргі тәлімгер: кәсібилік, құзыреттілік, тиімділік» тақырыбында Қарағанды облысының мектеп тәлімгерлері және тәлімгерлер жұмысына жетекшілік ететін аудандық/қалалық білім бөлімдері әдіскерлерінің қатысуымен тамыздық селекторлық отырысы өткізілді.

 Отырыс барысында волонтерлік қызмет, жастар қанатының жұмысы, жастармен жұмыс, оқушылардың өзін-өзі басқару жұмысын ұйымдастыру аясында дебаттық қозғасы мәселелері қаралды. 

Секциялық отырыстың спикерлары -Төрехан Аслан Аскарович, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің республикалық қосымша білім беру оқу әдістемелік орталығының жанындағы дебат қозғалысын дамыту бойынша жобалық кеңсенің сарапшы, Нұр-Сұлтан қ.;Хамитов Ержан Болатұлы, «AMANAT» партиясының «Жастар Рухы» жастар қанаты Қарағанды облыстық филиалының төрағасы.

      Сонымен қатар,Погребная Аделя Ионасовна,  балалар-жасөспірімдер қозғалысының ұйымдастырушы-педагогі, «Оқушылар сарайы КМҚК Шахтинск қ.; Буркитбай Лайла, тәлімгер, «Ә. Бөкейханов атындағы мектеп-лицейі» КММ,  Шахтинск қ.;Эргарт Татьяна Анатольевна, тәлімгер, «Р.Қошқарбаев атындағы ЖББМ» КММ, Нұра ауданы;  Жумажанова Динара Рымкулкызы, тәлімгер, «Кызылкой ЖББМ» КММ, Шет ауданы;  Сейдікәрім Нұрсұлтан Асхатұлы, тәлімгер, «№2 ЖББМ» КММ, Приозерск қ. тәлімгерлер   қауымдастығының  жұмысын ұйымдастыру, қазіргі уақыттағы мектеп тәлімгерінің рөлі жөнінде тәжірибе алмасты.   

        Отырыс қорытындысы бойынша ұсыныстар қабылданып, 2022-2023 оқу жылында тәрбие жұмыстарына бағытталған басымдылықтар анықталды.