Қарағанды облысының білім басқармасы, білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығымен 2022 жылғы 17 тамызда онлайн режимде орыс тілі мен әдебиетіне, шет тілдеріне жетекшілік ететін аудандық және қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлеріне, әдістемелік бірлестіктердің басшыларына, орыс тілі мен әдебиетінің, орыс және орыс емес тілде оқытатын шет тілдерінің мұғалімдеріне арналған "Орыс тілі және әдебиеті, шет тілдері мұғалімдерініңқұндылыққа бағытталған білім" тақырыбы бойынша секциялық алаңы өткізілді.
Секция орыс тілі мен әдебиетінің дамуының өзекті мәселелері мен негізгі үрдістерін, сондай-ақ 2022-2023 оқу жылында құндылыққа бағдарланған тәсілді іске асыру шеңберінде педагогтарды оқу-әдістемелік қолдау мәселелерін талқылау мақсатында өтті.
Секция жұмысына облыстық қауымдастық төрағасы, Н.Нұрмақова атындағы ММИ орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Цемох Светлана Михайловна қатысты, тыңдаушыларды тілдік пәндер мұғалімдері қауымдастығының 2021-2022 оқу жылындағы жұмысының талдауымен таныстырды.
ОӘО әдіскері Ксения Петровна Цой тыңдаушыларды 2022-2023 оқу жылында орыс тілі мен әдебиеті, шет тілдері бойынша оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктерімен таныстырды.
Қарағанды қаласы ПШО филиалының директоры Егизбаев Аят Жаксыбекович тілдік пәндер мұғалімдерінің пәндік құзыреттіліктерін дамыту туралы айтып берді.
"Бірінші Теміртау классикалық лицейі" КММ ағылшын тілі мұғалімі Даншина Светлана Анатольевна өз жұмысында "фитбэк" әдісін тиімді қолдану және оқыту үшін бағалау туралы айтып берді.
Қарағанды қаласының "№2 Лицей" КММ орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ким Анжелика Александровна «Оқушылардың оқу сауаттылығын жетілдіру – табысты әлеуметтенудің шарттарының бірі» тақырыбында өз тәжірибесімен бөлісті.
Балқаш қаласының "Әл-Фараби атындағы ЖББМ" КММ орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі оқушылардың білімдеріндегі олқылықтардың алдын алу, анықтау және жою туралы баяндады.
№ 1 БИЛ орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі Маликова Ләззат Багатоловна өз сабақтарында PBL қолдану тәжірибесімен бөлісті.
Оқу-әдістемелік орталығының ғылымды дамыту бөлімінің меңгерушісі Суртубаева Диана Алматовна секциялық отырыс жұмысы аясында білім беру парадигмасын трансформациялау мәселелеріне: мета құзыреттілікке көшуге, мотивациясы төмен оқушылармен жұмыс істеуге, халықаралық зерттеулерге, ғылыми - зерттеу қызметіне ерекше назар аударды, сондай-ақ, облыс мұғалімдерін орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдеріне арналған "Идеялар кемпірқосағы" бейне-сабақтарының облыстық байқауына және "Сабақты зерттеу" (Lesson Study) және "Әрекеттегі зерттеу"облыстық байқауына қатысуға бағыттады.
Секциялық отырысқа Қарағанды облысының 300-ден астам педагогы қатысты. Рефлексия барысында мұғалімнің жұмысына қажетті алынған материалдың практикалық бағыттылығы атап өтілді.