Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы 2022 жылғы 22 тамызда аудандық және қалалық әдістемелік кабинеттердің меңгерушілерімен тамыз облыстық отырысын өткізді.
Секциялық отырыстың спикерлері:
Курганбаева Гульмира Аманжоловна, СЕО «Ұлттық Ұстаз онлайн Академиясы», «Amanat» партиясының Білім және ғылым жөніндегі Қоғамдық Кеңесінің мүшесі Экономика ғылымдарының кандидаты, талдаушы, Ulttyq Business & Engineering School (UBES) – бірінші ұлттық бизнес және инжиниринг мектебінің негізін қалаушысы,баяндаманың тақырыбы:«Жаңа Қазақстандағы мектеп дамуының жаңа көрінісі».
Жұмашов Еркебұлан Әлімханұлы, Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Әдістемелік қызметті үйлестіру және педагогті кәсіби дамыту орталығының директоры, баяндаманың тақырыбы: «Білім беру мен оқытуға ықпал ететін технологиялық практикаларды бағалау».
Любчанская Татьяна Витальевна, «Сарыарқа дарыны» аймақтық қосымша білім беру ғылыми-практикалық орталығының психолог-әдіскері,баяндаманың тақырыбы: «Әлеуметтік-психологиялық сүйемелдеу зертханасының практикалық жұмыс тәжірибесі».
Саулеш Шаймұрат, «Саран қаласының білім бөлімі» ММ әдістемелік кабинетінің меңгерушісі,баяндаманың тақырыбы: «Білім беру ұйымдарындағы Тәлімгерлік институтының инновациялық мазмұны».
Cуртубаева Диана Алматовна, «Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК ғылымды дамыту бөлімінің меңгерушісі, баяндаманың тақырыбы: «Жетістік формуласы» жобасын іске асыру туралы.
Абдикерова Бакиткул Химальдиновна, «Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК директоры, баяндаманың тақырыбы: «2022-2023 оқу жылындағы оқу процесін ұйымдастыру ерекшеліктері, мақсаттары мен міндеттері».
Отырыс барысында мынадай ұсыныстар берілді:
- 2022-2023 оқу жылында білім алушылардың білімдеріндегі олқылықтардың орнын толтыру бойынша жұмысты жандандыру;
- оқу процесін тиімді ұйымдастыру мен мектепішілік бақылауды жүзеге асыру;
- білім беру жетістіктерінің мониторингін, олқылықтардың орнын толтыруды және білім алушылардың білім сапасын арттыруды бақылауға алу.