Размер шрифта:
МЕКТЕП КІТАПХАНАШЫЛАРЫНЫҢ ТАМЫЗДЫҚ СЕКЦИЯЛЫҚ КЕҢЕСІ
23-08-2022 14:29
МЕКТЕП КІТАПХАНАШЫЛАРЫНЫҢ  ТАМЫЗДЫҚ СЕКЦИЯЛЫҚ КЕҢЕСІ

      2022 жылдың 22 тамызында кітапханашылардың жұмысына жетекшілік ететін аудандық және қалалық білім бөлімдерінің мамандары, білім беру ұйымдары кітапханалар меңгерушілерінің қатысуымен «Кітап оқу уақыты – заманауи отбасылық және мектептегі оқу дәстүрлері» тақырыбында тамыздық секциялық отырыс өткізілді.    

      Отырыс барысында «Оқуға құштар мектеп» жобасының жүзеге асырылуы мен мектеп кітапхана жұмыстарының инновациядық тәсілдері жөнінде Кейкина Сауле Еркебаевна, әдістемелік бөлімінің меңгерушісі «М.Әуезов атындағы орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ; Канафина Бибигуль Толеухановна, кітапхана меңгерушісі «№16 ЖББМ» КММ, Қарқаралы ауданы  Қарағайлы кенті; Юрова Ирина Викторовна, кітапханашы «№2 ЖББМ» КММ, Осакаров ауданы Есіл ауылы; Камалова Татьяна Борисовна, кітапханашы, «Тұзды ЖББМ» КММ Бұқар жырау ауданы; Игликова Толқын Қуанышевна, кітапхана меңгерушісі, «Ә.Ермеков атындағы тірек мектеп (РО) жанындағы интернат» КММ, Шет ауданы; Голикова Марина Гельмутовна, кітапханашы, «№17 мектеп-гимназиясы» КММ, Саран қаласы тәжірибе алмасты.  

     Отырыстың қорытындысы бойынша ұсыныстар қабылданып, 2022-2023 оқу жылының оқу-тәрбие процессін ұйымдастыру жөнінде басымдық бағыттар анықталды.