Қарағанды облысының білім басқармасымен, Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығымен 2022 жылдың 23 тамызында Қарағанды қаласының Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-лицейі базасында Қарағанды облысының мамандандырылған мектеп-интернаттары және инновациялық мектептердің директорлары мен директордың орынбасарлары үшін тамыз кеңесінің секциялық отырысы болып өтті.
«Тәрбиенің негізгі құндылықтары: патриотизм, білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік» тақырыбындағы секция отырысы Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының директоры Абдикерова Бақытгүл Химальдинқызының алғысөзімен басталды.
Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім Академиясының білім беру саласы бойынша PhD президенті Тыныбаева Мадина Аглановна Қарағанды облысы бойынша білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу нәтижелеріне тоқталып, сараптама жасады. СЕО «Ұлттық Ұстаз онлайн Академиясы», Ulttyq Business & Engineering School (UBES) – бірінші ұлттық бизнес және инжиниринг мектебінің негізін қалаушы Курганбаева Гульмира Аманжоловна «Жаңа Қазақстандағы мектеп дамуының жаңа көрінісі» тақырыбында, Нұр-Сұлтан қаласы «№8 мектеп-лицей» КММ директорының орынбасары Дюсебаева Жанар Нұрлановна «Құндылықтарға негізделген білім беру» тақырыбы бойынша озық тәжірибелерімен бөлісті. Қарағанды қаласы «Абай атындағы мектеп-гимназиясы» КММ директоры Баймолдина Жадыра Сабыровна «Ұлттық құндылықтар негізінде мектептің мәдени ортасын қалыптастыру» тақырыбында, Қарағанды қаласы «Қаныш Сәтбаев атындағы гимназия» КММ директоры Мисюрина Наталья Михайловна «Білім сапасын басқарудағы мектеп әкімшілігінің рөлі» тақырыбында, Шахтинск қаласы «А.Бөкейханов атындағы мектеп-лицейі» КММ директоры Есмаганбетов Арарат Мылтыкбаевич «Табысты тәжірибелерді қолдану тәжірибесі: мектептегі «Startup» қозғалысы» тақырыбында, Қарағанды қаласы «Мағжан Жұмабаев атындағы гимназия» КММ директоры Жалелов Абылай Армияұлы «Кәсіби бағдар беру: оқушылар бойындағы құндылықтар мен дағдыларды дамыту» тақырыбында, «Мұрагер» мамандандырылған мектеп-интернаты» КММ директоры Утебаев Нургазы Газизович «PBL – инновациялық әдістердің бірі» тақырыбында өздерінің іс-тәжірибелерімен бөлісті. Жиын соңында қатысушылар сұрақ-жауап арқылы өз ойларымен бөлісіп, тәжірибе алмасты.
Секциялық отырыстың соңында іс-тәжірибелерімен бөліскен баяндамашыларға сертификаттар табыс етілді.
Отырысқа офлайн режимде 60 білім беру ұйымдарының директорлары және ZOOM конференциясы арқылы 100 директор орынбасарлары қатысты.