«Электромеханикалық және тау-кен жабдықтарын монтаждау және техникалық қызмет көрсету» бағыты бойынша облыстық әдістемелік бірлестігінің ұйымдастыру отырысы
2022 жылдың 24 тамызында «Электромеханикалық және тау-кен жабдықтарын монтаждау және техникалық қызмет көрсету» бағыты бойыншаоблыстық әдістемелік бірлестігі жұмысының аясында онлайн форматта ұйымдастыру отырысы өтті.
Бағдарламаға сәйкес, қатысушылар облыстық әдістемелік бірлестіктің 2022-2023 оқу жылына арналған жұмыс жоспарымен таныстырылды. Сондай-ақ, төраға сайлауы өтіп, облыстық әдістемелік бірлестікке қатысушылардың құрамын қалыптастыру үшін педагогтерінің деректер базасын толтыру бойынша нұсқаулар берілді.
Отырысқа облыс колледждерінен 20 педагог қатысты.