Размер шрифта:
«Дәнекерлеу ісі» бағыты бойынша облыстық әдістемелік бірлестігінің ұйымдастыру отырысы
24-08-2022 17:24
«Дәнекерлеу ісі» бағыты бойынша облыстық әдістемелік бірлестігінің ұйымдастыру отырысы

      2022 жылдың 24 тамызында «Дәнекерлеу ісі» бағыты бойыншаоблыстық әдістемелік бірлестігі жұмысының аясында онлайн форматта ұйымдастыру отырысы өтті.

Бағдарламаға сәйкес, қатысушылар облыстық әдістемелік бірлестіктің 2022-2023 оқу жылына арналған жұмыс жоспарымен таныстырылды. Сондай-ақ, облыстық әдістемелік бірлестікке қатысушылардың құрамын қалыптастыру үшін педагогтерінің деректер базасын толтыру бойынша нұсқаулар берілді.

Отырысқа облыс колледждерінен 15 педагог қатысты.