Математика және физика оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестігінің ұйымдастыру отырысы
![Математика және физика оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестігінің ұйымдастыру отырысы](/media/img/blogs/6307972f176ad.jpeg)
2022 жылдың 25 тамызында математика және физика оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестігінің жұмысының аясында онлайн форматта ұйымдастыру отырысы өтті.
Бағдарламаға сәйкес қатысушылар облыстық әдістемелік бірлестіктің 2022-2023 оқу жылына арналған жұмыс жоспарымен таныстырылды.
Сондай-ақ, педагогтердің мәліметтер базасын толтыру бойынша тапсырмалар берілді.
Отырысқа Қарағанды облысының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының 34 математика және физика оқытушылары қатысты.