Математика пәні мұғалімдерінің облыстық әдістемелік бірлестік отырысы
2022 жылдың 26 тамызында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен ZOOM платформасы арқылы мамандандырылған мектеп-интернаттарының математикапәні мұғалімдерініңоблыстық әдістемелік бірлестік отырысы өткізілді. Барлығы 24 мұғалім қатысты.
Отырыс бағдарламасында төмендегі мәселелер қаралды:
- ОӘО жұмысының нәтижелері бойынша талдау, 2022-2023 оқу жылына жұмысты жоспарлау;
- Жалпы білім беретін мектептерде математиканы оқытудың жай-күйі және жаңа оқу жылына арналған міндеттер;
- Білім беру ұйымдарында іске асырылатын оқу жоспарының вариативті бөлігінің бағдарламаларын құрастыру;
- Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары туралы.
Осы мәселелер бойынша келесі педагогтер өз тәжірибелерімен бөлісті:
- СулеймановаГ.О., Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының әдіскері
- Жолмагамбетова Н.Д., Н. Нұрмақов атындағы ММИ директорының орынбасары, математика пәнінің мұғалімі.