2016 жылдың 20 қаңтарында «Туристік-өлкетанушылық жұмыс әлемді белсене тану құралы ретінде»тақырыбында облыстық оқыту семинары өткізілді.
20-01-2016 12:13
2016 жылдың 20 қаңтарында  «Туристік-өлкетанушылық жұмыс әлемді белсене тану құралы ретінде»тақырыбында облыстық оқыту семинары өткізілді.

     Қарағанды қаласы Балалар мен жеткіншектер сарайында 2016 жылдың 20 қаңтарында  «Туристік-өлкетанушылық жұмыс әлемді белсене тану құралы ретінде»тақырыбында облыстық оқыту семинары өткізілді.

     Семинардың ұйымдастырушылары: Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы, Қарағанды қаласының Балалар мен жеткіншектер сарайы. Семинарға Саран, Шахтинск,Теміртау, Жезқазған және Қарағанды  қалаларының 24 педагогі қатысты.

    Оқыту семинарында сөйлеген облыстық туристік клубтың директоры Кистанов Сергей Павлович Қарағанды облысында жүргізілген туризм бағытын дамытуға бағытталған негізгі  іс-шаралар туралы айтып өтті.