Шетел тілі оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестігінің ұйымдастыру отырысы
2022 жылдың 26 тамызында шетел тілі оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестігі жұмысының аясында онлайн форматта ұйымдастыру отырысы өтті.
Бағдарламаға сәйкес қатысушылар облыстық әдістемелік бірлестіктің 2022-2023 оқу жылына арналған жұмыс жоспарымен таныстырылды.
Сондай-ақ облыстық әдістемелік бірлестіктің төрағасын тағайындау сұрағы талқыланып, педагогтердіңмәліметтер базасын толтыру бойынша тапсырмалар берілді.
Отырысқаосы бағыт бойынша облыс колледждерінің 32 оқытушысы қатысты.