Ақпараттандыруға жетекшілік ететін білім бөлімдерінің әдіскерлері, мамандандырылған мектеп-интернаттар директорларының орынбасарларына арналған әдістемелік күн
Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы 2022 жылдың қыркүйек айының 8-і күні ZOOM платформасында ақпараттандыруға жетекшілік ететін білім бөлімдерінің әдіскерлері мен мамандандырылған мектеп-интернаттары директорларының орынбасарларына арналған әдістемелік күн өткізді.
Әдістемелік күнде келесі мәселелер талқыланды:
- ҚО ББД ОӘО 2022-2023 оқу жылына арналған жұмыс жоспары;
- «RoboLand-2022» VII робототехника, бағдарламалау және инновациялық технологиялар фестивалін өткізу;
- IT-сыныптардың ашылуы;
- «BeginIT» жобасымен танысу;
- Педагогтерді аттестаттау жөніндегі әдістемелік ұсынымдар;
- «Білімал. Электронды мектеп» жүйесінде жаңа оқу жылына ауыстыру бойынша мониторинг қорытындылары;
- Қарағанды облысының жас педагогтеріне арналған информатика пәнінен «Жас – STAR» қашықтық олимпиадасын ұйымдастыру;
- Оқыту курстарын жоспарлау;
- «Болашақ инженерлері» жобасын іске асыру;
- Қашықтықтан оқыту курстарының тақырыптары бойынша объективті ақпарат алу және бейімділікті анықтау мақсатындасауалнама жүргізу.
Әдістемелік күнге 32 маман қатысты.