2022 жылдың 12 қыркүйегінде Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы ZOOM режимінде мамандандырылған мектеп-интернат директорларына және директордың орынбасарларына арналған әдістемелік күн өткізді.
Әдістемелік күнде келесі мәселелер талқыланды:
1. «Жалпыұлттық құндылықтар негізінде білім беру және тәрбиелеу» республикалық педагогикалық құрылтайын өткізу.
2. Информатика мұғалімдеріне оқыту курстарын өткізу.
3. Функционалдық сауаттылық бойынша апталықлар өткізу.
4. «Жылдың үздік психологы – 2022» республикалық конкурсының облыстық кезеңін өткізу.
5. Информатика пәнінің жас педагогтарына арналған «Жас-Star» олимпиадасын өткізу.
6. Физика, математика, информатика мұғалімдерінің республикалық шығармашылық конкурсының облыстық кезеңін өткізу.
7. 2022-2023 оқу жылына арналған "Жаһандық құзыреттер" курсы бойынша шығармашылық зертханалар ұйымдастыру.
8. Қазақстан халқының Тілдер күніне және А. Байтұрсыновтың 150 жылдығына арналған облыстық форум өткізу.
9. RoboLand-2022 фестивалін өткізу.
10. «Ауыл/қала» жобасы бойынша атқарылатын іс-шаралар.
11. «Қашықтан BOOM» жобасы шеңберінде облыс педагогтері үшін өзекті курстар бойынша сауалнама жүргізу.
Әдістемелік күнде өткен оқу жылындағы мәселелерді анықтай отырып, жаңа оқу жылына бірқатар ұсыныстар берілді.
Қатысушылар саны: 50.