2022 жылдың 13 қыркүйегінде Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы ZOOM режимінде инновациялық мектеп директорларына және директордың орынбасарларына арналған әдістемелік күн өткізді.
Әдістемелік күнде келесі мәселелер талқыланды:
1. «Жалпыұлттық құндылықтар негізінде білім беру және тәрбиелеу» республикалық педагогикалық құрылтайын өткізу.
2. Информатика мұғалімдеріне оқыту курстарын өткізу.
3. Функционалдық сауаттылық бойынша апталықлар өткізу.
4.«Тәлімі мол тәлімгер» облыстық байқауды өткізу.
5. «Жылдың үздік психологы – 2022» республикалық конкурсының облыстық кезеңін өткізу.
6. Информатика пәнінің жас педагогтарына арналған «Жас-Star» олимпиадасын өткізу.
7. Физика, математика, информатика мұғалімдерінің республикалық шығармашылық конкурсының облыстық кезеңін өткізу.
8. 2022-2023 оқу жылына арналған "Жаһандық құзыреттер" курсы бойынша шығармашылық зертханалар ұйымдастыру.
9. Қазақстан халқының Тілдер күніне және А. Байтұрсыновтың 150 жылдығына арналған облыстық форум өткізу.
10. RoboLand-2022 фестивалін өткізу.
11. «Қашықтан BOOM» жобасы шеңберінде облыс педагогтері үшін өзекті курстар бойынша сауалнама жүргізу.
Әдістемелік күнде өткен оқу жылындағы мәселелерді анықтай отырып, жаңа оқу жылына бірқатар ұсыныстар берілді.
Қатысушылар саны: 80.