2022 жылғы 13 қыркүйек Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы және Осакаров ауданы білім бөлімінің ұйымдастыруымен Қазақстан халқы тілдері күніне және Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған «Ахмет Байтұрсынұлы және тіл мәдениеті» тақырыбында облыстық семинар өткізілді.
Семинардың арнайы қонағы ретінде шақырылған Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы жанындағы «Ресурстық тіл орталығының» бөлім меңгерушісі, п.ғ.м. Жақанова Жұпар Рысқұлқызымен болған дөңгелек үстел, өзге ұлт өкілдерімен болған сыр-сұхбат көпшілік көңілінен шықты.
Семинарда педагогтер құндылыққа бағытталған білім беру, тіл мәртебесін дамыту мәселелеріне ерекше мән беріп, Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылығын дәріптей отырып, оқушылардың тілдік, танымдық деңгейлерін дамыту мақсатындағы іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Семинарға облысымыздың 100-ден артық педагогтері қатысты.