Размер шрифта:
Әдістемелік кабинет меңгерушілеріне, білім бөлімінің әдіскерлеріне арналған әдістемелік күн
16-09-2022 21:52
 Әдістемелік кабинет меңгерушілеріне, білім бөлімінің әдіскерлеріне арналған әдістемелік күн

      2022 жылдың 16 қыркүйегінде Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы ZOOM режимінде әдістемелік кабинеттердің меңгерушілері, білім бөлімдерінің әдіскерлері үшін әдістемелік күн өткізді. Қарағанды облысының білім бөлімдерінің 75 әдіскері қатысты.

Әдістемелік күнде келесі мәселелер талқыланды:   

  1. Аудандық, қалалық білім бөлімдерінде біліктілік бағалаудан өту кезінде аттестаттациядан өтетін педагогтердің портфолиосындағы кемшіліктер туралы.
  2. 2022-2023 оқу жылында балалар қауіпсіздігі бойынша мектеп жаттықтырушыларының жұмысын ұйымдастыру туралы.
  3. «Үздік мектепке дейінгі ұйым» республикалық байқауының облыстық кезеңін өткізу туралы.
  4. Тарих және география мұғалімдеріне арналған «Үздік бейнесабақ» облыстық байқауын өткізу туралы.
  5. Облыстық «Педагогикалық сынып» жобасын жүзеге асыру туралы.
  6. «Отбасылық оқу кітапханасы» әлеуметтік-педагогикалық жобасын іске асыру туралы.
  7. «Әуезов әлемі» облыстық форумын өткізу туралы.