Әдістемелік кабинет меңгерушілеріне, білім бөлімінің әдіскерлеріне арналған әдістемелік күн
2022 жылдың 16 қыркүйегінде Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы ZOOM режимінде әдістемелік кабинеттердің меңгерушілері, білім бөлімдерінің әдіскерлері үшін әдістемелік күн өткізді. Қарағанды облысының білім бөлімдерінің 75 әдіскері қатысты.
Әдістемелік күнде келесі мәселелер талқыланды:
- Аудандық, қалалық білім бөлімдерінде біліктілік бағалаудан өту кезінде аттестаттациядан өтетін педагогтердің портфолиосындағы кемшіліктер туралы.
- 2022-2023 оқу жылында балалар қауіпсіздігі бойынша мектеп жаттықтырушыларының жұмысын ұйымдастыру туралы.
- «Үздік мектепке дейінгі ұйым» республикалық байқауының облыстық кезеңін өткізу туралы.
- Тарих және география мұғалімдеріне арналған «Үздік бейнесабақ» облыстық байқауын өткізу туралы.
- Облыстық «Педагогикалық сынып» жобасын жүзеге асыру туралы.
- «Отбасылық оқу кітапханасы» әлеуметтік-педагогикалық жобасын іске асыру туралы.
- «Әуезов әлемі» облыстық форумын өткізу туралы.