Размер шрифта:
Қазақстан халқы тілдері күніне және Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған облыстық семинар
16-09-2022 15:36
Қазақстан халқы тілдері күніне және Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған облыстық семинар

      2022 жылғы 16 қыркүйек Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы және Нұра ауданы білім бөлімінің ұйымдастыруымен  Қазақстан халқы тілдері күніне және Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық  мерейтойына арналған  «Тілің-сенің тірегің» тақырыбында облыстық семинар өткізілді. 

   Семинардың арнайы қонағы ретінде шақырылған Е.А.Бөкетов атындағы университетінің қазақ тілі білімі кафедрасының профессоры Әділова Алмагүл Советқызымен болған сыр-сұхбат көпшілік көңілінен шықты.

          Семинарда педагогтер ұлт ұстазын дәріптеу арқылы, Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылығын дәріптей отырып, пән мұғалімдері арасында озық  тәжрибені тарату мақсатындағы іс-тәжірибелерімен бөлісті.

          Семинарға облысымыздың 100-ден артық педагогтері қатысты.