2022 жылғы 16 қыркүйек Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы және Нұра ауданы білім бөлімінің ұйымдастыруымен Қазақстан халқы тілдері күніне және Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған «Тілің-сенің тірегің» тақырыбында облыстық семинар өткізілді.
Семинардың арнайы қонағы ретінде шақырылған Е.А.Бөкетов атындағы университетінің қазақ тілі білімі кафедрасының профессоры Әділова Алмагүл Советқызымен болған сыр-сұхбат көпшілік көңілінен шықты.
Семинарда педагогтер ұлт ұстазын дәріптеу арқылы, Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылығын дәріптей отырып, пән мұғалімдері арасында озық тәжрибені тарату мақсатындағы іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Семинарға облысымыздың 100-ден артық педагогтері қатысты.